Аскориданы емдеу әдістері
Аскоридозбен жер бетінде 1 млрд адам ауырады екен. Бұл ересектер мен балаларда да кездесетін ауру. Оны тудырушы – аскарида, яғни ішек құрты. Құрттардың ұзындығы – 15-20 см (еркектері), 20-40 см (ұрғашылары) болады екен. Ал түсі – ақшыл қызғылт.
Қайдан жұғады?
Көкөністер мен жеміс-жидектерді тазалап жұмай, шаң, кір күйінде қолдану – ішек құрттарын жұқтырудың бірінші жолы. Сондай-ақ ет пен балықта майда құрттар көп болады. «Ауру – астан» демекші, шала піскен, аз қайнатылған тағамдарда сол құрттар өлмей, тіршілігін ары қарай жалғастырады. Балалар әуес қытырлақ нандар, қуырылған картоптар, сонымен қатар жылдам дайындалатын тағамдар (фастфуд) – ішек құртын жұқтыратын өнімдер саналады.
Жас балалардың ағзасы әлсіздеу болғандықтан ішек құртын жұқтырған болса, асқазан, кіндік тұсы көп ауырады. Құрт ауруларының салдарынан адам көп терлейтін болады, шаштары сиреп, бетке ақ дақтар түседі.
Халық емі
Аскоридозды «Халық емімен-ақ емдеп жазамын», – деу мүмкін бола қоймас. Сондықтан міндетті түрде мамандардың кеңесіне құлақ түрген жөн. Ал халық емін негізгі ем-шараға қосымша ретінде жасауыңызға болады.
Сайт оқырмандарының сұранысы бойынша аскоридоздан арылуға сеп болатын бірнеше халық емін теріп жаздық.
Сарымсақ пен сүт
200 мл сүтке 1 бас сарымсақ салып, әбден жұмсарғанша қайнатыңыз. Жыл күйінде сүзіп алып, клизма жасау керек. Клизманы бір апта күнделікті жатар алдында жасаған дұрыс. Ал балаларға жасар болсаңыз, 70 мл жеткілікті.
Асқабақ дәнегі
500 г асқабақ дәнегін тазалап, үккішпен ұнтақтаңыз. 50 мл қайнаған су қосып араластырыңыз. Дәм кіргізу үшін бал немесе тосап қосуыңызға болады. Жаңа дайындалған «дәріні» аш қарынға қолданыңыз. 3 сағаттан соң сумен араластырылған магнезия (10-30 г препаратты жарты стакан сумен араластырыңыз) ішіңіз. Жарты сағаттан соң ағзаны тазартатын клизма жасау керек.
2 жасқа дейінгі балаларға 50 г, ал 3-4 жасқа 80 г, 5-7 жастағыларға 100 г, 10-12 жас балаларға 150 г асқабақ дәнегін қолданыңыз.
Сондай-ақ кептірілген асқабақ дәнегін шағып жеп жүру де пайдалы.
Пияз
Ыдыстың бел ортасына дейін ұсақталып туралған пиязбен, қалған жартысын арақ не спиртпен толтырып, 10 күнге қақпағын жауып қойып қойыңыз. Ересектер күніне 1-2 ас қасықтан 2 рет ішуге болады.
Ал балаларға мұндай тұнба дайындау үшін арақ пен спирттің орнына қайнаған ыстық су қолданып, 12 сағаттан кейін балаға беруге болады. 3-4 күн қатарынан күнделікті бір рет 70-100 мл-дан (бір жолда) ішкізу керек.
Дереккөз : anabol.kz