Артриттен арылудың жеңіл тәсілі
Артрит – көп жағдайда мүгедектікке әкеліп соғатын, әртүрлі ревматикалық аурулармен анықталатын созылмалы қабыну. Қазақы тілде айтатын болсақ, жұмыс пен үй шаруасын қатар алып жүретін нәзік жандылардың буындарына түсетін салмақтан болатын қабыну. Бұл аурумен көбіне әйелдер және толық адамдар ауырады
Бұл ауруды емдеудің түрлі жолдары бар. Ота жасату арқылы, дәрі-дәрімек арқылы емдеуге де болады. Бірақ, бүгін сіздерге бұл ауруды үй жағдайында көп шығынданбай-ақ емдеудің жолын айтатын боламын.
Қара тұрыпты (чёрная редька) тек қана ас әзірлеуде емес, оны көптеген ауруларды емдеу үшінде қолдануға болады. Оның буын ауруларының барлық түрін емдей алатын қасиетін көп адамдар біле бермейді. Әсіресе, артрит пен артроз кезінде оның пайдасы мол.
Артриттің ауырсынуын емдейтін рецепт:
— Қара тұрыпты қабығымен үккіштен өткізіп, оның шырынын аламыз. Одан соң, сол шырынның бір стақанына бір үлкен қасықпен бал және спирт қосып, араластырамыз. Одан соң сапалы салфеткаға (хлопчатобумажную салфетку) сол қосындыны жағып, ауырған жерге бір түнге жабыстырып қоямыз. Емдеу кезінде аяқты жылы ұстау керек, суық тигізіп алмаған абзал.
Осы емді 10 күн қабылдағаннан соң, айтарлықтай жеңілдікті сезінесіз. Емдеудің бұл түрі оңай, әрі үй жағдайында қолдануға ыңғайлы және көп қаражат кетпейді.
Дайындаған: Сайтбеков Абдумалик
Дереккөз : anabol.kz