Қызанақ көзіңізді емдейді
Жаз мезгілінде сүйіп жейтін көкөністердің бірі – қызанақтың пайдасы жайлы білесіз бе?
Қызанақтың құрамы В1, В2, В5, В6 және А, Е, С сияқты дәрумендерге бай. Қызанақты үнемі пайдалана отырып, иммундық жүйені нығайтып, жүрек қызметін жақсартып, ас қорытуды реттеп, холестеринді азайтуға болады.
Қызанақ қандай ауруларды емдеуге қауқарлы?
Псориаз, экзема сияқты түрлі тері аурулары кезінде күніне қызанақтың кем дегенде бір жемісін жеу ұсынылады. Содан кейін теріде оң өзгеріс байқалады.
Қышқылдылығы төмен гастрит және асқазан жарасы кезінде күнде жаңа піскен қызанақ шырынын тұз қоспай ішуге болады. Оны күніне үш рет жарты стақаннан тамақтан кейін қолдану қажет. Емдеу курсы екі аптаға созылады.
Жаңа піскен қызанақ рационыңызға енгізілген болса, депрессия және нашар көңіл-күйді оңай еңсеруге болады. Қызанақтың құрамында серотонин, яғни бақыт гормоны бар. Осы гормон жеткілікті мөлшерде бөлінбеген жағдайда адам депрессиялық жағдайға тез түседі. Сондықтан қызанақ жүкті әйелдер үшін өте пайдалы.
Айтпақшы, қызанақ түрлі маскалар жасауға да тиімді екен.
Қызанақ катарактаның алдын алады
Егер қызанақты сүйіп жесеңіз, көзіңіз жастың ұлғаюымен пайда болатын катарактадан қорғалады. Өйткені қызанақтың құрамында В2, рибофлавин дәрумендері бар. Ал арнайы зерттеу жүргізген мамандар бұл дәрумендерді қолданатын адамдар көз ауруының осы түрінен зардап шекпейтіндігіне көз жеткізген. Қызанақтың құрамында бето-каротиннің көп болуына байланысты қызанақты тағамдарды жиі қолданатындар көздерінің өткірлігімен мақтана алады.
Дайындаған: Әбдімәлік Сайтбеков
Дереккөз : anabol.kz