Құлпынайдың денсаулыққа пайдасы

Oinet.kz 04-03-2019 1394

Қып-қызыл боп көздің жауын алатын, иісі мұрынды жаратын құлпынайды жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар. Тіпті оның піскенін асыға күтетіндер де бар. Керек десеңіз, жақсы көрген адамын құлпынайым деп еркелететіндер де бар екен... Маусымда өз жемісін беретін құлпынайдың «құдіреті» туралы төменде оқыңыз...

Screenshot_2.jpg

Міне, көптен күткен құлпынай маусымы да басталып кетті... Осы кезеңді пайдаланып осы бір ерекше жидектің арқасында ағзаға біраз пайда әкелуге болады. Себебі құлпынайдың ағзаға тигізер оң әсері өте көп. Оның құрамында С дәрумені, кальций, калий және магний бар. Құрамындағы антиоксиданттардың есебінен созылмалы аурулармен қабынулардың қаупін төмендетеді.

Құлпынай салмақ тастаймын деген жандар үшін де өте қолайлы болып табылады, себебі зат алмасуды арттырып, тәбетті төмендетеді және қандағы қант деңгейін бақылайды. Бір шыныаяқ құлпынайда 49 Ккал калория бар.

Құлпынайды 8-10 күн қатарынан жеп жүру жүрек аурулары қаупін және қан қысымын төмендетеді. Сондай-ақ жадты жақсартып, қатерлі ісік қаупін азайтады. Сонымен қатар, құлпынай тістерді тазартудағы үздік құралдардың бірі болып табылады.

Жоғары қан қысымы, іштің қатуы (запор), анемия, өт қабының және бүйректің ауруларында және көптеген ауруларда, жүрек аурулары, көз аурулары, буын ауруларына, миға  құлпынайды тиімді пайдалануға болады. Сіз күнделікті құлпынай жеу арқылы көптеген ауруларыңыздан айыға аласыз. Қазір, яғни, мамыр айының ортасы -  құлпынайдың нағыз пісіп жетілен кезі. Құлпынайды күнделікті жеп немесе құлпынай диетасын ұстай отырып, дертіңізге шипа таба аласыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!

Фаст-фудтың «пайдасы»
Ерін неден жарылады және оны емдеу жолдары қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу