Дәрігер кеңесі: сәбиіңізді суға дұрыс түсіріп жүрсіз бе?

Oinet.kz 04-03-2019 1116

355-1476222423-345e1326b4.jpg

Ана бол сайтының сұрақтарына Алматы қалалық №11 емхананың педиатры Ұлболсын Қалықова жауап берді.

Өмірге жаңа келген нәрестені дұрыс күту-оның денсаулығының басты кепілі. Бала ауырмас үшін ана оның денесін таза ұстап, тамағын дұрыс беріп, дұрыс ұйықтата білуі керек. Кіндігі түсіп, орны әбден жазылғаннан кейін, қайнаған жылы суға ( + 37 С) нәрестені күн сайын кешке жақын шомылдырған жөн. Бұл жағдайда ананың тырнағы өсіңкі болмауы тиіс, ол нәрестені шомылдырар алдында қолын сабындап жуып, ваннаны ыстық сумен шайып алуы керек. Шомылдырғанда сәбидің кеудесін анасы сол қолының білегіне сүйеп, оң қолымен оның аяғын ваннадағы суға салады. Нәрестенің құлағына, аузына, мұрнына су кетіп, көзіне сабын кіріп ашытпас үшін, ваннадағы судың деңгейі оның иығына жетер-жетпестей болғаны жөн. Нәрестені шомылдырудан бұрын, бір ыдысқа оның бет-аузын шаятын қайнаған жылы су, екінші ыдысқа шомылдырып болған соң денесін шаятын (35—36°) су дайындап қойған жөн. Алғашқы күндері шомылдыратын суға аздап марганцовка қосады. Баланы суда 5—7 минуттан артық ұстауға болмайды. Нәрестенің терісі базданып кетпес үшін мойнына, қолтығына, шатына вазелин немесе өсімдік майын жағады. Өсімдік майын 10-15 минут қайнатып, суытып, арнаулы ыдысқа құйып қоюы керек. 

Нәрестенің қолын таза ұстап, тырнағын өсірмей алып тұрған жөн. Өйткені тырнағы өсіп кетсе бала бет-аузын тырнап жарақаттап алады. Майға батырылған таза мақтамен баланың құлағының іші-сыртын, мұрнын тазартып тұру керек. Сәбидің киім-кешектері мен жаялықтарын жай ғана жуып қоймай, қайнатып, міндетті түрде екі жағын бірдей үтіктеу қажет. Нәрестенің тамағы Нәресте үшін ең пайдалы және маңызды тағам — ана сүті болып табылады. Өйткені, оның құрамында бала организміне қажетті заттардың бәрі.бар. Сондықтан емшек сүті сәбидің дұрыс өсуін қамтамасыз етеді және оны жұқпалы аурулардан қорғайды. Нәрестенің ас қорыту ағзалары толық дамып жетілмегендіктен, ол қорегін емшек сүтінің құрамындағы ферменттер арқылы ғана қорытып, бойына дұрыс сіңіреді.

Дереккөз : anabol.kz

Мамыргүлдің пайдасы мол
Маса шаққанда қолданылатын 7 тиімді әдіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу