Әлемдегі ең ықпалды жасөспірімдер
Әлемге аты танымал 100 жылдық тарихы бар «Time» журналы заманымыздың ең ықпалды 30 жасөспірімінің тізімін жасады. Әдеттегідей, журнал редакциясы бұл рейтингке енген әр азаматтың өмірі мен шығармашылығын бірнеше жыл бойы саралапты. Тізімге енгендердің барлығы қазіргі таңда өте танымал әрі жаңалық жасаушы креативті тұлғалар.
Фотода Милли Боб Браун
Жасөспірімдердің кумиріне айналып үлгергендер тізімін Милли Бобби Браун бастады. Актриса өткен жылы "Эмми" сыйлығына ұсынылған еді. Сондай-ақ, IMG Models агенттігінде модель қызметін атқаратын Милли Бобби Браун Calvin Klein компаниясымен келісімшартқа отырды. Басылым атақты супермодель Синди Кроуфордтың қызы Кайя Герберді де алғашқылар қатарына қосты. Үшінші орынды танымал футболшы Дэвид Бекхэмнің ұлы, фотограф Бруклин иеленді. Сонымен, рейтингтің кейінгі сатыларына орналасқандар қатарында, Джейден мен Уиллоу Смит, актриса Эль Фаннинг, сириялық активист Музон Альмельха, Альцгеймер ауруының алғашқы белгілері пайда болуынан он жыл бұрын анықтау мүмкіндігін ұсынған 17 жасар Кртин Нитиянандам, 13 жасар кәсіпкер Микейла Ульмер де бар.