«ASHYQ TURKISTAN» - ДИАЛОГ АЛАҢЫ
Елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру, ашық азаматтық қоғам негіздерін нығайту жолында нақты қадамдар жасалып жатыр.
Осы мақсатта Созақ ауданы Сызған ауылдық округтерінде қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Қоғамдық қабылдаулар барысында Сызған ауылдық округі әкімі аппаратының кеңесшісі іс-басқарушысы Х.Нұртан, Сызған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Жақыпбеков және Сызған ауылдық округі әкімі аппаратының бағдарламашысы Ж.Қалмұрзаевтар ауыл тұрғындарына өзекті мәселелер жөнінде кеңестер берді, әкімшіліктің алдағы жоспарларымен және ауылдық округтің бюджетімен таныстырды. Сонымен қатар egov элоктронды үкімет порталын пайдалану ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тәжірибе жүзінде алып көруге мүмкіндіктер берді.
Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы заңгерлік көмек беру, қызметтерді ыңғайлы алуға жағдай жасау, компьютерлік сауаттандыру (e.gov), ауыл болашағын жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып ашық талқыға салу, мемлекеттік органдарда ашықтықты қамтамасыз ету және қоғам тарапынан бақылауды күшейту.