«Менің туым – менің Отаным!»

Oinet.kz 15-11-2019 965

74161346_1153002765090014_2602051385901973504_o.jpg

Мемлекеттік Туды қастерлеп, қадір тұту – әр қазақстандықтың парызы. Ол мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты рәміздердің бірі болып табылады. Осыған орай Түлкібас ауданы орталығындағы «Наби» сауда орталығының ғимаратында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен «Менің туым – менің Отаным!» атты патриоттық акциясы өтті. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары А.Нұранов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Алтынбеков және аудан жастары қатысты.

Шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы,

- Бүгінде еліміздің көк туы астында біздің адамдар ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерін көрсетеді. Біз әртүрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің Көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз-деп, акцияға қатысушы жастарға шараның маңыздылығын атап өтті.

Аталмыш акция республикамыз бойынша «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынып, еліміздің әр өңірінде өтуде.

Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту, жастарды отансүйгіштікке баулу болып табылады.


«Тәлімді ана, тәрбиелі қыз»
Созақтан шыққан чемпиондар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу