МӘМС: саулық кепілі

Oinet.kz 15-11-2019

Screenshot_20.png

Түркістан облысы Шардара аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев ашып, жүргізіп отырды. Бұл туралы Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша директоры Асхат Бейсенбаев: «Әр азамат өз денсаулығын сақтандыру бұл өз өмірінің кепілі және дамыған мемлекеттерде бар жүйе. Яғни, сіздің айлығыңыздың 1 пайызы медициналық сақтандыру қорына аударылып отырады. Бұл сіздің денсаулығыңызды тексертіп тұруға, кез келген жағдайда тегін емделуге және қомақты қаражатты талап ететін оталау қызметін кедергісіз алуға мүмкіндік береді» - деп сөз бастады. Бұл жүйенің шыққанына біршама уақыт болса да, әлі күнге дейін толық тіркелмегендер барын айтты. Өйткені, ешқандай мекемеде жұмыс істемейтін, өз өзін әртүрлі жұмыстармен асырап жүрген жандар бұл сақтандыру қорына тіркелуден шет қалып жатыр. Яғни, денсаулығына байланысты оқыс жағдай болып, емдетуге қаражаты жетпей қалған жағдайлар көптеп кездеседі. Сондықтан, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жеке сайт арқылы немесе жергілікті мекемелерге барып тіркеліп, шамамен алғанда айына 1263 (мың екі жүз алпыс үш) теңге көлемінде қаржы салып отыру жеткілікті.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әлеуметік медициналық сақтандыру қорының ресми FMS.KZ сайты арқылы тіркелулеріңізді сұраймыз. Оның ішіндегі қызметтер мәзірінің барлығы енгізілген. Егер қандай да бір сұрақ туындап жатса 1406 байланыс нөмірлеріне хабарлассаңыздар болады.»-деді А.Бейсенбаев. 


«Сыйға берілген жәдігерлер»
Түркістан жаңа техникалармен толықты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×