Кәсіп ашамын дегендерге барынша қолдау көрсетіледі

Oinet.kz 06-11-2019 668

Screenshot_18.png

Ауыл шарашылығымен айналысып,  өз кәсібімді дөңгелетемін деген азаматтарға мемлекет тарапынан қай кезде де қолдау бар. 

Осы мақсатта Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Аудан басшысының қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әр түрлі бағытта болды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдауға келгендердің бірі Алатау ауылдық округінің тұрғыны Ғалымжан Ибрагимов 20 гектар жерге картоп егіп жеке кәсіппен айналыссам деген ниетін білдіріп, аудан әкімдігі тарапынан қажетті техникамен арық қазып су жеткізіп беруін сұранды. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, егіншілікпен айналысуларына қол ұшын созсам дейді.

Ауыл шаруашылығымен айналысамын деушілерге барынша қолдау көрсетуіміз керек деген аудан басшысы, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаевқа картоп егілетін аумақты көріп, тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.

Сондай-ақ, тұрғындардың бірқатары әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы, енді бірі баспанамен қамту, жеке кәсіпті дамыту, пәтерлердегі жылыту жөнінде сауалдарын қойды.

Жеке қабылдау барысында Бауыржан Бақытұлы азаматтардың мәселелерін шешу бойынша қала, ауылдық округ әкімдері мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.


Төлебиде заманауи спорт кешені ашылды
Түркістанда ерекше субұрқақ іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу