Өнерлі азаматтарды іріктемек

Oinet.kz 24-10-2019 729

Screenshot_13.jpg 

Кентау қалалық  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақнұр Байболова тілшілерге арнап брифинг өткізді. 

Бөлім басшысының айтуынша Мәдениет және тілдерді дамыту саласына 1-мәдениет сарайы, 19-ауылдық мәдениет үйі және клуб, 39-кітапхана, тілдерді оқыту және дамыту мекемелері кіреді. Қазіргі таңда қала және қалаға қарасты ауылдарда 1896 мәдени және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізілген, оның ішінде клубтық мекемелерде 686, кітапханаларда 1395 іс-шара өткізілді. «Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында штаттық кесте бойынша жергілікті бюджеттен 66 бірлік штат беріліп, бекітілген. Оның ішінде 24,5 штаттық бірлік 41,5 ауылдық клубқа тиесілі. Қазіргі таңда жалпы 68 қызметкер жұмыс атқарады. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы және ауыл клубтарында 49 үйірме жұмыс атқарып, 542 адам үйірмеге қатысады. Көптеген байқауларда жүлделі орындардан көрінуде. Қазіргі таңда Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 39 кітапхана, оның ішінде 33 ауылдық кітапхана және 5 кітапхана қала аумағында орналасқан.


Мемлекеттік инспектор елді-мекендерді аралады
Оқушылар қыста тоңбайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу