Қайырымдылық қоры қуаныш сыйлады

Oinet.kz 14-11-2019 764

Screenshot_3.png

Арыс қаласы «Белемекен» шағын ауданындағы жаңадан 100 тұрғын үй пайдалануға берілді.  Дендробақ жанында орналасқан жаңа шағын ауданның құрылысына қайырымдылық қоры 850 млн. теңге бөлген. Жаңа баспаналар Арыстағы әскери қоймада жарылған оқ-дәрілердің дүлей дүмпуінен бұзылған үй иелеріне, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, тұрғын үйге мұқтаж мүгедек жандар мен жалғыз басты аналарға берілді.

«Бүкіл Қазақстан Арыста орын алған оқиғаға күйзелді, еліміздің көптеген ұйымдары мен азаматтары қалаға және оның тұрғындарына қолдау көрсетті. Біз де қаланы қалпына келтіруге өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Сондықтан біздің Қорымыздың құрылтайшысы баспанаға мұқтаж қазақстандықтар үшін үйлер тұрғызуға бағытталған «Баламекен» жобасын кеңейтуге және жалғастыруға шешім қабылдады», – деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Жаңа үй иелерінің қуанышымен бөліскен облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов бірнеше үйді аралап шығып, жаңа қоныс иелерін құттықтады. Бұл жоба Түркістан облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов Қорымен серіктестікте «Верный Капитал» компаниялар тобының табысты ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асып отыр.


«Баламекенде» 100 отбасы қоныс тойын тойлауда
Үкаша ата музейі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу