Балаларды қуантты

Oinet.kz 23-10-2019 660

Screenshot_3.jpg

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні болып аталып келеді. Аталған күнге байланысты бүгін Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің күндізгі қатынау бөлімшесінде «АЯЛЫ АЛАҚАН» атты іс шарасы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінің мамандары хабарлады. Шараға бөлім басшысы Шадиярбек Отыншиев қатысып, аталған бөлімшеде тіркеуде тұрған 20 бүлдіршінді мерекемен құттықтады. «Бүлдіршіндер біздің байлығымыз, көз қуанышымыз. Балалардың амандығы бәрімізді де алаңдатады, Жер бетіндегі ешбір бала ауырмаса екен деймін» деген бөлім басшысы, естелік сыйлықтар табыс етті.

Құттықтау сөзден кейін аталған орталықта тіркеуде тұрғын бүлдіршіндер әннен шашу шашып, түрлі тақпақтар айтып, ойындар көрсетіп, арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Шараға қатысқан мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің ата-аналары, ұл-қыздарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мекеме басшысы мен мамандарына алғыстарын жеткізді.

Мерекелік шарадан кейін бүлдіршіндерге дастархан жайылып, тәтті нандар таратылды.


Пробация үйі ашылды
Бағаның негізсіз өсуін қадағалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу