Тұңғыш президент жас отау иелерін құттықтады

Oinet.kz 05-11-2019 604

Screenshot_2.png

Елбасы жаңа Неке сарайының жұмысымен танысып, шаңырақ көтеріп жатқан жас жұбайлармен әңгімелесті. Бұл туралы Elbasy.kz  сайты хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жас отау иелерін құттықтап, бақыт пен береке тіледі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылған процесімен танысты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа «бір терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсету үшін ыңғайлы және сапалы жағдай жасау бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат берілді.

Айта кетері, Елбасы мұның алдында Түркістан жұртшылығымен кездескен болатын. 

- - Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, жағдай бұған жол бермеді. Бүгін бұл қала облыс орталығына айналды, шаһарды жандандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан - түркі әлемінің бесігі. Бауырлас түркі мемлекеттері де бізге көмектеседі деп сенемін. Барлық жоспарланған нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін біз туристердің көбеюін күтеміз. Сонымен қатар, қосымша жұмыс орындары ашылады. Мұның бәрі біздің халқымыздың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді, - деп түйіндеді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.


Түркістанды салуға барлық өңір қатысып жатыр
Елбасы «Алатау» медиаорталығында болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу