Декреттен соң 1 ставка сақталмай, орнына 0,25 берді. Осы заңды ма?
Сұрақ: Мен қалалық көпсалалы колледжде жұмыс жасаймын бала тууға байланысты декреттік демалыс алдым. Үш жылдан соң 1 ставкадағы жұмыс орным сақталмай 0,25 ставкада штаттың қысқартылу сылтауымен қайта қабылданудамын. Осы қаншалықты заңды?
Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 100-бабының 3 тармағына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны(лауазымы) сақталады. Бұл тұрғыда жұмыс беруші тарапынан Сіздің жұмыс орныңыз сақталуы тиіс.