Жұмыстан босатылғанда оның басқа бөліміне қайта жұмысқа кіре аламын ба?
Сұрақ: Мен, жоғарғы оқу орнында программист лауазымында жұмыс атқарып жүрген болатынмын. ҚР Еңбек кодекснің 52 бабы негізінде (жұмыста болмағаным үшін) жұмыстан босатылдым. Енді сол мекеменің басқа бөліміне жұмысқа кіре аламын ба және еңбек кітапшама жазылғаны жұмысқа қабылданбауыма негіз бола ала ма?
Жауап: Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, еңбек кітапшасына ҚР Еңбек кодексінің 52 бабы 1 тармағы 8 тармақшасы бойынша жұмыстан босатылу туралы жазылғаны жұмысқа қабылданбауға негіз бола алмайды.
Сонымен қатар, аталған Кодекстің 23 бабы 1 тармағының 1 тармақашасына сәйкес жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне құқығы бар. Сондықтан, Сізді еңбек кітапшаңыздағы жазбаға байланысты жұмысқа қабылдау немесе қабылдамау жұмыс берушінің құзыретіндегі мәселе.