Интернеттің пайдасы мен зияны қандай?

Oinet.kz 28-02-2019 18219

397-1476222259-3f6f0153a7.jpg

 Бүкіл  әлемде ғаламторды пайдаланбайтын адам мыңның бірі. Дүние жүзіндегі адамдардың  90%-ға жуығы белсенді түрде интернет игіліктерін іс жүзінде қолданады.  Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағат ғаламторға жіпсіз байланады.

 Ал енді ғаламтордың  пайдасын тізбектей кетейін :  

1. Интернеттен не керек бәрін табасың. Әсіресе, студенттер және мектеп оқушылары реферат, мағлұматтар, шығарма және т.б алады. Қазірдің өзінде интернет арқылы тест тапсырып, интернет арқылы сабақ алып жатқандар да бар. Сондай- ақ интернет арқылы жұмыс істеп, сол арқылы ақша табуға да болады.

2. Интернет арқылы танысып, отау құрып жатқандар да бар. Яғни бұл екі адамды қосатын күш.

Ал зиянына келетін болсақ:
 Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы. Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді: 1. Көздің көру қабілетінің нашарлауы. 2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нәшарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы. Компьютерден шығатын электромагниттік сәуленің  де адам ағзасына зиянды екендігі жөнінде көптен бері айтылып келеді. Күнделікті жұмсақ ойыншығы мен тас-құмын да ғаламторға айырбастаған балалардың ағзасына қандай кері әсері барын алдағы уақытта  жазатын боламыз! Анық бір жайт бар: өзіңізді де, жақыныңызды да ғаламторға сағаттап байланудан сақтаңыз!

Дереккөз : anabol.kz

Арықтағыңыз келсе, шырын ішіңіз
Қалай жарқын жүзді адам болуға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу