Жан ауруын қалай емдеуге болады?
Жаныңыз ауырып беймаза күй кешіп жүрсіз бе? Ұйқыңыз келіп көңіл-күйіңіз тез түсіп, тез ашуланатын болсаңыз онда сізді жанның ауруы күйзеліс пен шаршағандық мазалап жүр. Адам өз көңілін өзі көтеруге машықтануы керек. Сіз білесіз бе? Сіздің өміріңізде кездесіп жүрген адамдар, сізге тек қана әсер етуші адамдар ғана. Жанның ауруын алдын алып, өзіңіз көңіл бөлмесеңіз түбі үлкен күйзеліс ауруына алып келеді соңы қатерлі аурулармен аяқталады.
Ендеше психолгтың кеңесіне құлақ түріңіз, жанның ауруын жеңуге тырысып, көңілді жүруге тырысыңыз.
Ұйқының бұзылуы, жалғыздық шырмауы мен күйзеліс пен шаршаудан.
Жиі жылап қалатын болсаңыз, көп жағдайды көңіліңізге алатын жансыз. Оны ұмытудың бір жолы, өз жаныңызды жарқын дүниемен толтырыңыз мысалы: қолөнер,шығармашылық,спорт т.б қызығушылықтармен толтырсаңыз іштегі күйзелісті ұмытуға бірден бір жол болып табылады.
Жаныңыздағы адамдарға көбірек көңіл бөлсеңіз, олардың да тарапынан сізге де көңіл бөлуге тырысады. Адамдарды кінәлаудың қажеті жоқ, қажет болған күннің өзінде сізді кінәлі етеді. Оданда ол ойдан айығып жақсылық жасаңыз сол жандарға.
Көңілді жүру жақсы сөз айту, тек қана мықты жандарға ғана тән көп дүниені айта бермейтін жандар өз жағдайын өзі шешуге тырысатын жандар.
Егер айта алмаған жайыңызды, жылау арқылы шығаруға да болады,оған әсер етуші музыкатерапия.
Әр жанның өз психологы болған жөн, сонда сізді дұрыс жолға салып жөн көрсетеді.
Адамдар мына жайдан қатты қателеседі,мен өзіме өзім психологпын дейді ол ешқашанада өзіне психолог бола алмайды,бола аған күннің өзінде адамдарға өз жағдайын баяндап оларды да қажытып жібереді. Әр адам өз өмірін жақсартуға тырысу керек.
Көңілді жүруіңіз басқа жандарға да әсер етеді мысалы:сіз көңілді сәтіңізде көңіл-күйі жоқ жанның көңілін көтеріп жақсы сөз айтсаңыз солда оған жұбаныш әрі алданыш.
Бәрінен де көңіл қымбат, көңіл қалса адамда кекте сатқындық пайда бола басатайды.
Жанның ауруы меңдеген сайын,тұйықтық пен сенімсіздік пайда бола бастайды. Тән ауырғаннан да,жанның ауруы адамды қажытып түрлі психоневроздық ауруларға әкеледі.
Бәрі де өз қолдарыңызда!
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
Дереккөз : anabol.kz