Теңіз жағасындағы бала туралы тәмсіл
Бір адам жағалауда кетіп бара жатып, теңіз жағасындағы құмнан әлденені алып, суға лақтырып отырған баланы байқайды. Оған жақындап барып қараса, қолындағысы – теңіз жұлдыздары екен. Ал ондай су жәндіктері бүкіл жағалауда, тіпті көптеген шақырымға созыла теңізді жағалай толып жатыр еді. Баланың әрекетіне таңғалған адам:
— Оларды неге суға лақтырып отырсың, – деп сұрайды одан.
— Егер оларды ертең таңертең судың қайтуы басталғанға дейін суға жеткізбесе, өліп қалады, – дейді бала жәндіктерді суға лақтыруын бір сәтке де тоқтатпай.
— Мұның ақылға қонбайды! Айналаңа қарашы, миллиондаған теңіз жұлдызы бүкіл жағалауды алып жатыр. Ал сенің бұл әрекетің ештеңені де өзгертпейді, – дейді адам баланың ісін күлкіге айналдырып.
Келесі теңіз жұлдызын қолына алған бала сәл ойлана:
— Жоқ, менің әрекетім көп нәрсені өзгертеді... міне, мына жұлдыз үшін, – деп қолындағысын суға лақтырады.
Өзгелердің қайғы-мұңына мән берместен, олардың жандарынан жайбарақат өтіп жатамыз. Қандай да бір қиындыққа тап болған адам. Қарны аш ит. Суықтан тоңған мысық... тағысын тағы... Ойланып қарасақ, біз оларға жылу сыйлап, мейірімге бөлей аламыз ғой. Олардың жақсы өмір сүрулеріне себепкер де бола аламыз.
Аударған: Құралай Мұратқызы
Дереккөз: liveinternet.ru