Оңай әрі тез

Oinet.kz 20-09-2019 612

Screenshot_25.jpg

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтер) мақсатында Сарыағаш қаласындағы «Азаматтарға арналған Үкімет корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бөлімінде «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді. Шараның мақсаты халықтың  электронды үкімет қызметін пайдаланудағы сауаттылығын арттыру болып табылады.

Аталған шараны Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты, Көктерек кенті және Тегісшіл ауылдық округі әкімі аппараттары ұйымдастырды. Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер бойынша, жұмыспен қамту және басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін Сарыағаш ауданының жергілікті және аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып түсіндіріп, egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен жеткізілді.

Жәрмеңкеге аудан тұрғындары қатысып оларға брошюралар таратылды. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі ауданның барлық аумағында жалғасатын болады.


Мақтааралдықтар дүниежүзілік экологиялық акцияға ат салысты
Мемлекеттік тілді ұлықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу