Қақпа жаңартылды

Oinet.kz 10-10-2019 1111

Screenshot_6.jpg

Ажары кірген Арыстың кіреберіс қақпасы да жаңартылды.   Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізген - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы. Шаһардың тағы бір сәулетті туындысының қатарын толықтырған қақпаның ашылу салтанатына  ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысты.  «Өңіріміздегі сәулеттік жобалардың ұлттық нақышта болғаны құба – құп. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған аумақты айшықтайтын көріністер жаңа жобаларда көрініс тапқанына назар аудару өте маңызды. Маусымдағы қайғылы оқиғадан кейін қолға алынған Арыс қаласын жақсылыққа бастайтын берекелі қақпа болады деп сенемін», - деді салтанатты жиын барысында  аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы өз сөзінде қақпаның құрылысын қолдап, көмек берген еліміздің Кәсіподақтар Федерациясы басшылығына алғысын білдірді. Кез келген шаһардың өзіне тән қайталанбас, айрықша келбеті болады. Осындай мазмұны мен мағынасы зор айтулы жобаға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы демеушілік жасаған. Арыс қаласының көркейіп, гүлденуіне бір кісідей жұмыла кірісу бүкіл елге ортақ іс болды. Қаланың Бас қақпасы соның тағы біл дәлелі болса керек. Салтанатты жиынға «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы мен ардагерлер, қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Ашылған қақпадан алғашқы болып облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы бастаған топ жаяу жүріп өтті.


Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
Келестің аграрлық әлеуеті артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу