Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Oinet.kz 10-10-2019 1191

Screenshot_5.jpg

«Көрші мемлекеттердің көп­шілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 па­йызы латын графикасында жарық көреді. Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам. Латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз. Бірақ қоғамдық пікір, әліпбиді қолдану бары­сын­дағы артықшылықтар мен олқы­лықтар ескеріледі». Президент Қ.Тоқаев өз сөзінде осылай дей келе, латын әліпбиіне көшуді жеделдету керектігін айтқан  болатын.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда республдиканың әр өңірінде латын графикасын насихаттау,  қолданысқа енгізуді көздеген шаралар көптен өтуде. Осындай жиынның бірі Қазығұртта өтті.

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен О.Жандосов орта мектебінде «Латын әліпбиі – болашаққа қадам» атты интелектуалды сайыс ұйымдастырылды. Интелектуалдық сайыстың мақсаты: Жас жеткіншектерге латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете алатын және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. Кешті балалар кітапханасының кітапханашы Д. Кадирова жүргізді. Сайыс топтық жарыс болып өтті, бұл сайысқа 4 «Ә» сынып оқушыларынан құралған «Білімділер», «Жүйріктер», «Ойшылдар» атты топтар қатысты. Шара барысында оқушылар латын әліпбиінің мәнін ұғынып, жазуда қолданып көрді. 




Арыстың вокзалына 115 жыл!
Қақпа жаңартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу