Спорт – оқушылардың ең сенімді серігі

Oinet.kz 05-09-2019 733

Screenshot_10.jpg

Сайрам ауданы  Ақсукент ауылындағы "Бабыр" атындағы №7 жалпы орта мектебінде ауданда орналасқан Абылайхан, С.Сейфуллин және Панфилов мектептеріндегі көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында спорттық ойындардан командалық сайыс өткізілді. Бұл туралы  Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметінің мамандары мәлімдеді. 

  Аталмыш іс-шараға арнайы қатысқан "Nur Otan" партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы, Сайрам аудандық мәслихатының депутаттары, Байсейіт Жолдасбекұлы, Акмалжан Абдухалықұлы және Ақсукент бастауыш партия ұйымының төрағасы Омарәлі Мырзаметұлы шәкірттермен тілдесіп, оларды жақсы оқып, еліміздің үлгілі азаматтары болуға шақырды. Сонымен қатар іс-шара барысында Сайрам аудандық өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, белсенді партия мүшесі Юспуов Абдрасул және Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Исаков Акмал жарысқа қатысқан барлық оқушыларға өз қаражаттары есебінен күздік және қыстық мектеп формасын табыстап, балаларды қуанышқа бөледі.  


1000-нан астам полиция оқушыларға қызмет көрсетті
Жолдау жүктеген міндет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу