Екі мектеп ашылды

Oinet.kz 02-09-2019 596

Screenshot_15.jpg

Ордабасы ауданының 55 жылдығына орай, "55 жылдықка - 55 игі іс" шарасы аясында кеше  ауданда екі мектептің лентасы қиылды. Сүйінші хабарды баспасөз қызметінің мамандары  аудан әкімдігінің фейсбуктағы ресми парақшасында бөлісті. 

  Салаға жауаптылардың дерегінше Ордабасы өңірінде жалпы білім беретін 64 мектеп бар. Оның ішінде 47-і жалпы орта, 3-і негізгі орта, 14-і бастауыш мектеп. Осы білім беру мекемелерінде биылғы оқу жылында 30899 оқушы және дайындық тобында 2677 тәрбиеленуші білім алмақ. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы саны 1498 оқушыға артып отыр.

Арыстанды ауылы тұрғындарының қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы:

- Оқушыларымызға жағдай жасап, қажеттіліктерімен қамтамасыз ету – бізге жүктелген жауапкершілік. Тәуелсіздік алғалы Ордабасы ауданында 26 мектеп бой көтеріп, білім саласына бөлінетін қаржы 11 млрд. 657 млн. 798 мың теңгеге жетті. Бұл – аудан бюджетінің 57,8 пайызын құрайды. Міне, бұл игіліктер тәуелсіз мемлекеттің заман көшіне төтеп беретін білімді тұлғалар тәрбиелеу үшін жасауда, - деп, білім саласындағы жетістіктерге тоқталды. Оқушыларды Білім күнімен құттықтап, ізгі

ниетін жеткізді.

Ауыл азаматтары да жаңа қонысқа жайғасқан мектеп ұстаздарының жұмысына сәттілік тіледі.


13 сектордың тұрғындарымен кездесті
«Ежелгі металлургия іздері»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу