Депутаттармен кездесті

Oinet.kz 01-09-2019 666

Screenshot_1.jpg

Саялы Сарыағаш ауданы бүгінде облыстағы экономикалық жағдайы,  ауылшаруашылық саласы айтарлықтай дамыған әлеуеті жоғары аудандардың бірі. 

    Жақында басшылар өңірдің қазіргі жағдайы мен жоспарларын тағы бір пысықтап шықты. Нақтырақ айтқанда Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Ә.Досболов, У.Рахиев, А.Салимовтармен кездесті.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын жұмыс жоспарлары талқыланған. Аймақ басшысы мемлекеттік бағдарламалардың ауданда өз деңгейінде жүзеге асырылуын өз бақылауына алып отырғанын жеткізді.

      Аудан басшысымен болған кездесуде облыстық мәслихат депутаттары жұмыс сапарларының мақсаты- халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жайында өз ойларын ортаға салып, талқылау, нәтижеге қол жеткізу жолында бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ депуттатар жергілікті тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын да назарға алынатындығын айтты. 

Аудан әкімі депутаттардың еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқандығын айта келе, осындай ауыр да, жауапты жұмыстарына табыс тіледі. 


Конституция күнінде мектеп ел игілігіне берілді
Нұр-Сұлтанда жәрмеңке өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу