Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде кездеспек

Oinet.kz 03-10-2019 775

Картинки по запросу Путин мен ТоқаевСочиде Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты өңірлік мәселелерді талқыламақ, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Форумда Ресей президенті Әзербайжан, Иордания, Қазақстан және Филиппин елдерінің басшыларымен кездеседі. Екіжақты және өңірлік мәселелер талқыланады деп күтіліп отыр", - деп жазылған  Кремльдің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

"Шығыс дамуы және әлемдік саяси құрылыс" тақырыбында өтетін "Валдай" халықаралық пікірталас клубының отырысы 30 қыркүйек – 3 қазан күндері аралығында өтеді. Ал панельдік сессия 3 қазан күні өтеді.

Форумға қатысушылар Шығыстың әлемдегі жағдайға әсері, таяу шығыс мәселелерін реттеу, Еуразия кеңістігі аумағында әріптестік орнату жайы талқыланады. Сондай-ақ, Ресейдің Шығыс бағытындағы сыртқы саясатына ерекше көңіл аударылады деп күтіліп отыр.

Дос Көшім: «Әміржан Қосанов халықты сатып кеткен жоқ»
Бердібек Сапарбаев: «Спортта жең ұшынан жалғасу, алалау ешқашан болмауы тиіс!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу