2021 жылы мемлекеттік бюджет қағаз жүзінде жүргізілмейді

Oinet.kz 26-09-2019 995

Картинки по запросу ақша

ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсегенов Парламент Сенатындағы дөңгелек үстел отырысында 2021 жылы бюджеттік жоспарлау толықтай қағазсыз тәртіпте атқарылады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бюджеттік инвестициялық жобаларды «Мемсараптама» РМК-мен интеграциялау жоспарланып отыр. Жобалау-сметалық құжатнама – ол көп томдық күрделі қаржылық-техникалық құжат және оған қаржы бөлек бөлінеді. Кейіннен бекітілген соң, бюджеттік өтінімді келісу кезінде барлығы сканерден өткізіліп, өтінімге қоса беріледі. Осы орайда қажетті ақпаратты тез табу қиынға түседі. Біздің жоспарымызда бұл құжатты толықтай құрылымдау ескерілген, яғни жобалау-сметалық құжатнаманың электронды төлқұжатын жасау қарастырылған. Бұл өз кезегінде инвестициялық жобаларды келісу мен жоспарлауды, жобалық құжатнаманы қарастыруды барынша ыңғайлы етуге жол ашады», - деді Еңсебаев.

Вице-министрдің айтуынша, бұрындары жобалау-сметалық құжатнаманы электронды форматқа ауыстыру қызметімен «Мемсараптама» РМК айналысқан. Кейіннен бұл жұмыстар бәсекелестік ортаға беріліп, 25 мыңға тарта жобалау-сметалық құжатнама ешбір ақпараттық жүйеде тіркелмеген.

Осы себептен Қаржы министрлігі жеке компанияларға өздерінің құжаттарын бірыңғай ақпараттық жүйеде тіркеуді міндеттемек. Өйткені бұл жүйе бюджеттік жоспарлау процесімен өзара байланыстырылған.

Сондай-ақ, вице-министр бюджеттік өтінімдерді Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесінде тіркеуді автоматтандыру жоспарланып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ 2021 жылы бюджеттік жоспарлауды толықтай қағазсыз жүргізу ескерілген.

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып Өркен Бисақаев тағайындалды
Светлана Жақыпова өз еркімен қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу