Светлана Жақыпова өз еркімен қызметінен кетті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып Ерлан Әукенов тағайындалды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР үкіметінің қаулысымен Ерлан Мұратұлы Әукенов Қазақстан республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін аталған қызметті атқарған Светлана Жақыпова өз қалауы бойынша жұмысынан босатылды», - дейді ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ерлан Әукенов 1984 жылы 5 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Бредфорд университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған.
2010-2011 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары;
2011-2014 жылдары — ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2014-2015 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі бойынша жетекшілік еткен.