Көпбалалы аналар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жаппай қызметінен кеткен

Oinet.kz 26-09-2019 1198

image.png

Атаулы әлеуметтік көмек беріледі дегенді естіген бірнеше көпбалалы аналар жұмыстарын тастап, қызметтерінен кеткен, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Хабар арнасына сілтеме жасап.

Бүгінде көп балалы аналардың бірі –  тұрғын үй алу үшін көшеге шығып митинг жасап жатса, екіншілері – атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу үшін түрлі құйтырқы әрекеттерге барып жүр.

Кәсіпкер Айжан Кусаинованың айтуынша, сәуір айынан бастап көпбалалы аналар жаппай тұрақты жұмыстарынан шығып жатқан. Себеп – атаулы әлеуметтік көмек.

«Олар менен «рәсімдеусіз жұмыс істесек бола ма?» деп сұрады. Менің қол астымда 150 шақты адам жұмыс істейді. Бәрі құжат жүзінде, налог төленеді. Бұл қалай дегенімде, атаулы әлеуметтік көмек алғылары келетінін айтты. Негізі, олардың айлығы жақсы, табысты күйеулері бар. Мен бірден келіспедім. Одан кейін олар жұмыстан шығып кетті. Қазір олар жайбарақат құжатсыз жұмыс істеп жүр, бір жағынан әлеуметтік көмек те алып жүр», - дейді Айжан Кусаинова.

Кәсіпкер әйелдің айтуынша, өзінің де 5 баласы бар. Бірақ мемлекеттен көмек сұрамайды. Керісінше жұмысшыларына айлық үлестіріп, салық төлеп отқан жайы бар.

Сенатор: «Біздің шенеуніктер халықтың мұң-мұқтажын, зарын естуге құлықсыз»
Бауыржан Байбек: «Депутаттар белсенді емес. Сол үшін оларды халық танымайды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу