58 жастағы көкшетаулық азамат шахматтан Азия чемпионы атанды

Oinet.kz 24-09-2019 1094

image.png

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Көкшетаулық 58 жастағы шахматшы азамат Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Жарыс Алматы қаласында өткен. Азия және Океанияның 17 елінен 70 спортшы қатысып, бақ сынаған еді, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі inform.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Классикалық шахматқа жасы 50-де асқан ерлер қатысты. 10-шы рет өтіп отырған чемпионат тоғыз раунд бойынша Швейцария әдісімен өтті. Ұлттық құрама сапында болған ақмолалық шахматшылар жоғары нәтиже көрсетіп, бір алтын, бір күміс және үш қола медаль иеленді. 

«Оның ішінде халықаралық гроссмейстер Серікбай Темірбаев 50-65 жастағы ерлер арасында «Рапид» әдісі бойынша чемпион атанса, «Классика» әдісі бойынша екінші, «Блиц» әдісі бойынша үшінші орын алды. Ал, ҚР спорт шеберлігіне үміткер Ханиф Хусаинов 65 және одан жоғары жастағылар арасында «Рапид» және «Классика» әдістері бойынша қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен бірге, ол ФИДЕ шеберінің нормативін орындады», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

2020 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері қандай болмақ?
Бақтияр Мәкен: «Әрдайым алаңға шыға беріп, талап қою – заңсыз ғой»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу