Әблязов халыққа митингке қатысқаны үшін ақша төлей ме?

Oinet.kz 20-09-2019 1197

Screenshot_9.jpg

Әблязов халыққа митингке қатысқаны үшін ақша төлейді ме? Бұл сұраққа бас прокуратура жауап берді, деп жазды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ге сілтеме жасап

"Қазақстан оны қудалауды одан әрі жалғастырады. Әблязов мұны біледі, сондықтан қорқады. Ол өзінің ісінде ешқандай саясат болмаса да, саяси себептермен қудалау туралы айтуды жалғастыруда. Осы жылдың шілдесінде Нью-Йорк соты Әблязовты өтірік айтты деп айыптап, саяси қудалау туралы уәждерін қабылдамады. Бұған дейі Әблязовтан 4 миллиард доллар талап еткен Лондон соты оны алаяқ деп танып, жалған куәлік бергені үшін 22 айға түрмеге жабу туралы шешім шығарды. Ал британ ішкі істер министрлігі оны босқын мәртебесінен айырды. Сондықтан Әблязов Францияға қашып кетті"- деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделер қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов.

Нұрпейісов Әблязовты тыңдап, жанашырлық білдіретіндерге жүгінді.

«Әблязовқа сенуге болмайды. Ол адамдарды заңсыз наразылық акциясына алып барады. Оларға біздің азаматтардан ұрлаған ақшасынан ақы төлейді. Әблязов пен оның сыбайлалары - сот тыйым салған ҚДТ экстремистік ұйымының белсенділері қарапайым адамдарды адастырып жүр. Сонымен бірге ол Францияда жасырынып, Қазақстанда және басқа елдерде ұрлаған ақшасымен өмір сүреді. Құрметті отандастар! Мен сіздерді арандатушылыққа жол бермеуге шақырамын, оның салдары қылмыстық жауапкершілікке тартылуға апарады», - деді Сапарбек Нұрпейісов.

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысы Ли Чжаньшумен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу