Рейтинг: Ең қымбат әкім—Дархан Сатыбалды

Oinet.kz 25-02-2026

 Screenshot_4.png

National Business Kazakhstanпорталы  Қазақстандағы ең қымбат әкімдер рейтингін жариялады.

Қазақстанда 2026 жылы әкімдердің қызметін қамтамасыз етуге арналған шығындар 1,5 млрд теңгеден 5 млрд теңгеден аса сомаға дейін өзгеріп отырады. Талдау көрсеткендей, өңірдің экономикалық ауқымы неғұрлым жоғары болса, басқару аппаратына бөлінетін бюджет үлесі соғұрлым төмен болады. Сарапшылар бұл сомаларды тек абсолют көрсеткішпен емес, аймақтық бюджетке шаққандағы үлесімен де бағалауды ұсынады.

 

Шығын көлемі бойынша рейтингті кім бастады 

National Business Kazakhstan деректеріне сәйкес, шығын көлемі бойынша бірінші орында – Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды. Оның аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бұл мегаполис бюджетінің 0,2%-ынан да аз үлесті құрайды. Екінші орында – Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев – шамамен 4,3 млрд теңге.

Үшінші орында – Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай – 3,9 млрд теңге (бюджеттің шамамен 0,9%-ы).

3,4 млрд теңгеден Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев (шамамен 0,6%) және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров (шамамен 0,3%) аппараттарына бөлінген. Одан кейін Абай облысының әкімі Берік Уәли – 3,1 млрд теңге (бюджеттің 0,9%-ы).

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов аппаратына 2,9 млрд теңге (0,6%) қарастырылған.

2,8 млрд теңгеден Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек (шамамен 0,3%), Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев (0,7%) және Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (0,6%) үшін бөлінген.

Көптеген өңірлердегі орташа көрсеткіш 2–3 млрд теңге аралығында мына өңірлер орналасқан:

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов – 2,7 млрд теңге (0,5%);
Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов – 2,6 млрд теңге (0,5%);
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов – 2,5 млрд теңге (0,6%);
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков – 2,5 млрд теңге (0,3%);
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов – 2,3 млрд теңге (0,5%).

Тізімнің төменгі жағында: Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов – 2,1 млрд теңге (0,2%);

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев – 2,0 млрд теңге (0,4%).

 

Бюджетке шаққандағы ең жоғары шығын 

Салыстырмалы түрде ең жоғары көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген: өңір әкімі Дастан Рыспеков аппаратына 1,6 млрд теңге қарастырылған, бұл облыс бюджетінің шамамен 1%-ын құрайды.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аз шығын жұмсайтындардың  қатарында – 1,6 млрд теңге (бюджеттің шамамен 0,2%-ы).

Ең төменгі шығын Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровта– 1,5 млрд теңге (0,6%).

 

Неліктен сомалар әртүрлі?

Сарапшылардың айтуынша, өңір экономикасы неғұрлым ірі болса, басқару аппаратына жұмсалатын бюджет үлесі соғұрлым төмен болады. Бұл жалпы бюджет көлемі мен экономиканың ауқымына байланысты.

Мысалы, Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі шамамен 60–65 млрд АҚШ долларына бағаланады, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің бестен бір бөлігіне жуық. Қала экономикасы жекелеген еуропалық мемлекеттердің экономикасымен шамалас. Мұндай жағдайда басқаруға жұмсалатын абсолют шығын көлемі жоғары болғанымен, оның бюджеттегі үлесі ең төмендердің бірі болып қала береді.

 

«Әкімнің қызметін қамтамасыз ету» шығындарына не кіреді?

Бюджеттегі «әкімнің қызметін қамтамасыз ету» бабы бір ғана лауазымды тұлғаның жеке шығындарын білдірмейді. Ол өңірлік басқару аппаратының толық жұмысын қамтиды:

– әкімдік қызметкерлерінің еңбекақы қоры;
– әкімшілік ғимараттар мен инфрақұрылымды ұстау;
– қызметтік көлік және іссапар шығындары;
– цифрлық жүйелер мен құжат айналымы;
– өзге де операциялық шығындар.

Сондықтан бұл сомаларды бір басшының жеке шығыны ретінде емес, тұтас өңірлік әкімдік жұмысына кететін шығын ретінде қарастырған жөн.

National Business Kazakhstan зерттеуі рейтингтің тек ақпараттық мақсатта жасалғанын және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігіне баға бермейтінін атап өтеді.

 


Қаржы министрлігіне қарасты басқарма басшысы ұсталды
Қыз зорлағаны үшін сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы қызметтік пәтерге таласуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу