Әлеуметтік желіге кірушілерді жасына қарай шектейтін заң жобасы талқылауға шығарылады

Oinet.kz 21-01-2026 45

Қазақстан билігі балалардың әлеуметтік желіде бақылаусыз «қалып қоюына» нүкте қоюға бел буды. V Ұлттық құрылтайдан кейін Үкімет онлайн платформаларға қатысты заңнаманы қатайтпақ. Бұл жолы мәселе тек ұсыныспен шектелмейді – жауапкершілік те қарастырылып отыр деп жазады Оinet.kz ақпараттық порталы.

image.png

Әлеуметтік желі жасөспірімдер үшін ойын-сауық құралы ғана емес, мінез бен құндылық қалыптастыратын қауіпті ортаға айналып отыр. Осы мәселені көтерген  Үкімет енді онлайн кеңістікті заңмен «тәрбиелеуге» көшпек.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева V Ұлттық құрылтайда көтерілген ұсыныстардың орындалу барысын баяндады. Оның айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге шексіз қол жеткізуі мемлекет үшін де, қоғам үшін де өзекті проблемаға айналған.

Министрлік онлайн платформалар мен масс-медиаға қатысты заңнамаға өзгерістер мен түзетулер әзірлеп қойған. Бұл өзгерістер енді тек қағаз жүзіндегі бастама болып қалмай, қоғамдық талқылауға шығарылмақ. 

Аида Балаева бұл мәселеде жай ескерту жеткіліксіз екенін ашық айтты. Жас шектеуін сақтамау енді заң бұзушылық ретінде қарастырылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, талапты елемегендер жауапкершіліктен құтыла алмайды.

– Оқу-ағарту министрлігімен және Жасанды интеллект пен цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, пайдаланушылардың жасын тексеретін тетіктерді әзірлеп жатырмыз. Қажет болса, жауапкершілік шараларын да қарастырамыз, – деді вице-премьер.

Бұл мәлімдеме қоғамда екіұдай пікір туындатуы мүмкін. Бір тарап мұны балаларды зиянды контенттен қорғаудың кеш те болса жасалған қадамы деп бағаласа, екінші тарап сөз бостандығы мен цифрлық еркіндікке қысым ретінде қабылдауы ғажап емес.

Айта кетейік, кеше өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында жасөспірімдердің әлеуметтік желідегі белсенділігін реттеу мәселесі ерекше өткір көтерілген еді. Енді бұл ұсыныс қоғам талқысынан өтіп қана қоймай, елдегі интернет тәртібін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Қазақстанның тұңғыш вице-президенті Ерік Асанбаев туралы не білеміз?
Президент араласқан соң Алмасбеков кетті. Енді Шымкенттің прокурорын не күтіп тұр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу