«Қымбат көлік пен элиталық коттедж сатып алған»: Шымкенттегі әйгілі университет басшылары қамауда

Oinet.kz 19-05-2025 247

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің бірқатар лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым жетекшілеріне қатысты 256 млн теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігі не сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Тергеу барысында университеттің уақытша ректоры, қаржы және әкімшілік департаменттерінің директорлары мен бірқатар мердігер ұйым жетекшілерінің жалған келісімшарттар жасап, мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны анықталды.

«Білім ордасы басшылығы қызмет көрсету, құрылыс-монтаждау және тауар жеткізу бағытында жалпы құны 256 млн теңге болатын жалған келісімшарттарға қол қойған. Алайда бұл жұмыстар нақты орындалмаған. Қаражат жалған құжаттар арқылы аффилирленген компанияларға аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған», – делінген агенттік хабарламасында.

Тергеу деректері бойынша, күдіктілер заңсыз табысқа Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 сияқты алты қымбат көлік пен Шымкенттің орталығынан элиталық коттедж сатып алған. Жылжымайтын мүлік пен көліктердің жалпы құны – 254 млн теңгені құрайды. Бұл мүлік сот санкциясымен бұғатталды және тәркілеуге жіберілді.

Қазіргі таңда іске қатысы бар төрт тұлға үйқамаққа алынған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Түркістан облысында салынған жолдар сапасыз
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу