Шөкеевтің 9 миллиард теңгелік жағажайы қирап жатыр

Oinet.kz 27-03-2025 309

20240127175655206_big.jpg

Түркістан облысының бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің кезінде салынған құны 9 миллиард теңгелік жағажайы қирап жатыр. Осы жағажайдың қазіргі ахуалы туралы түсірілген бейнежазбаны EGOV.PRESS порталы жариялады.

 Бейнежазбаға қарағанда, қазынаның миллиардттарына салынған нысан бүгінде қаңырап қалған.  Айналадағы нысандардың бәрі қараусыз жатыр, бүлінген, талқандалған.

--Дубайды жолда қалдырады,--дейді бейнежазбаны түсірген азамат. Бюджеттің миллиондарына егілген ағаш көшеттері қурап кеткен. Жуыну бөлмесі, дәретхананың есік-терезелері сынған, ашық-шашық. Салқын сусындар сататын дүңгіршек, ойын алаңшалары да қаңырап тұр. Ал көлдегі су таза емес, лай.

Аталған жағажай 2022 жылдың шілдесінде пайдалануға берілген болатын.  Сол кезде Түркістан облыстық әкімдігі:

-- Туристік-реакциялық орталық туризмді дамытуға ғана емес, Түркістан аумағын көгалдандыруға және климаттық жағдайларды жақсартуға да ықпал етеді. Жағажай құрылысы 2020 жылдың қарашасында басталды. Жалпы ауданы - 81 гектар, ал су сыйымдылығы - шамамен 2,5 миллион текше метр. Көктемгі суды қабылдайтын және оны өткізетін арналар да дайын. Жағажайда емдік қасиеттері бар құм төселіп, ағаштар отырғызылған. Жаңа туристік нысанға апаратын жолдың сапасы жоғары деңгейде. Жақын арада балалар демалыс аймағын, элиталық коттедждер, қонақүйлер, аквапарк салу жоспарланып отыр,-деген мәлімет таратқан болатын.

Шөкеев отставкіге кеткен соң жағажайдың тіршілігі тоқтады. Жоспарлардың бәрі аяқсыз қалды. 2023 жылдың күзінде елордада өткен брифингте осы нысанға қатысты сауал сол кездегі облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға қойылған болатын.

-- Соңына дейін бітпеген нысан. Оның негізгі екі функциясы бар. Біріншісі, көктемде су тасқыны кезінде жоғарыдан Қаратаудың етегінен келген суды ұстап қалу. Ол болмаса су ары қарай Түркістанға кетіп қалады. Су қоймасының көлемі 2,5 млн текше метрді құрайды. Екінші функциясы – сол суды жаздыгүні тазалап, ары қарай жергілікті тұрғындарға шомылатын орын ұйымдастыру. Басына барған кезде шешім қабылдадым: қаржы тапшы болғаннан кейін оны жалғастырудан бас тарттым. Кемшіліктерді көріп, мердігерге біз кемшіліктерді жою бойынша ескерту бердік. Егер олар бермесе, ертеңгі күні сотқа береміз. Ол – мемлекетті сараптамадан өткен жоба. Ол жоба бойынша тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Оны тиісті құзырлы органдарға жібереміз, – деген еді.

Алайда тексерулердің қорытындысы әлі күнге белгісіз.


Дендросаябақтағы Президент резиденциясы мемлекеттің меншігінде
Нұралхан Көшеров: Қызметкерлердің заңсыз әрекеттері үшін тікелей бірінші басшы жауап береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу