Дендросаябақтағы Президент резиденциясы мемлекеттің меншігінде

Oinet.kz 26-03-2025 169

7eaa53dbf3b7b6e221d070250623de9d.jpg 

Шымкенттегі Дендросаябақтың ішінде орналасқан Президент резиденциясы мемлекеттік меншігінде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары—қалалық әкімдіктің ресми өкілі  Сәрсен Құранбек мәлім етті.

--Дендросаябақтағы Президент резиденциясы бұрынғы Президенттің де, қазіргі Президенттің де меншігінде емес. Ол мемлекеттің қарауында,-деген әкімі орынбасары аталған нысанға Шымкент қалалық әкімдігінің ешқандай құзыры жүрмейтіні мәлім етті.

  Oinet.kz порталы Президент нысанына қатысты мәліметтерді былтыр А.Асқаров атындағы Дендросаябақ басшыларына сұрап білген болатын.

 -- Бұл нысан 2008 жылы салынған. Қазақстан Республикасы Президентінің Шымкенттегі резиденциясы саналады. Нысан 8 гектарды алып жатыр. Бұл ғимаратта еліміздің басшысы келіссөздер жүргізеді. Соңғы кездері бұл нысанды басқа мақсатта пайдалануға неге берілмейді деген сұрақтар қойылуда. Алайда бұл мәселені шешу біздің құзырымызға кірмейді,- деген болатын Дендросаябақ басшылығы.

Біржан Аманбеков,

ХҚТУ, журналистика факультетінің 4-курс студенті.

 


Қытайлар Түркістан облысында 10 зауыт салады
Шөкеевтің 9 миллиард теңгелік жағажайы қирап жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу