Муфтиат Әбдіжаппар Смановқа ескерту жасады

Oinet.kz 14-03-2025 51

1703733220.jpeg 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарығаштағы мешітте балаларға аяғын ұқалатқан имамға ескерту жасады.

--Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз,-делінген муфтиатты мәлімдемесінде.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Сарыағаштағы Сатыбалды Әбішұлы мешітінің имамы Әбдіжаппар Смановтың Алла үйінде балаларға аяғын ұқалатып жатқан видеосы таратылған. Кейіннен оның туысы Абдулахад Сманов ол балалардың Әбдіжаппар Смановтың немерелері екендігін жариялаған болатын.

 


Түркістан облыстық спорт басқармасының басшысы белгілі болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу