Түркістан облыстық спорт басқармасының басшысы белгілі болды

Oinet.kz 14-03-2025 48

8ecb9e33de2964e21cfa6ad3da2b51e7_1280x720.jpg 

Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Орталық су-спорт кешенінің» МКҚК-нің директоры Ғалымжан Батырханұлы Худияровтың кандидатурасына келісім берді.
Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.
Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек  Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

Айта кетері, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орны былтыр тамыздан бері бос тұрған болатын.


«Атамыздың аяғын ұқалап жатқан -- немерелері»
Муфтиат Әбдіжаппар Смановқа ескерту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу