«Атамыздың аяғын ұқалап жатқан -- немерелері»

Oinet.kz 13-03-2025 59

484110274_2156905778095876_2524912677526166040_n.jpg 

2-3 күннен бері әлеуметтік желіде Сарыағаштағы  медреседе балаларға аяғын ұқалатып жатқан молда туралы видео жарияланып, ол ел арасында қызу талқыланып жатыр. Видеодағы молданың Әбдужаппар Сманов екендігі айтылуда. Осыған байланысты Абдулахад Сманов (Абдужаппар Смановтың туысы) осы видеоға қатысты түсінік берді.

--Әлеуметтік желіде бір видео кеңінен тарап жатыр екен!

Сондағы айтып жатқаны "жас балаларға аяғын ұқалатып қойып, өзі жәннатта жүргендей" деген сөздері екен!

Осы мәселені тарқата кетсем: Бұл жерде атамыздың аяғын ұқалап жатқан балалар - атамыздың өзінің немерелері! Ешқашан атамыз өзге адамдарға аяғын ұқалатқан емес! Тек өз балаларына және немерелеріне тәрбиелік тұрғыда аяғын ұқалауына рұқсат еткен! Тәрбиелік тұрғы дейтінім, біз қазақ әрқашан үлкеннің қолына су құйып, атаның қызметін жасап, батасын алуға талпынған халықпыз!

Өзіміз де, марқұм әкемізге және атамызға қызмет етіп өстік, батасын алуғы тырыстық, одан кем болған жоқпыз!—деп жазған Абдулахад Сманов.

 


«Болашақтың» түлектері қулық-сұмдыққа барады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу