Наурызды тойлауға 151 миллион теңге бөлінген

Oinet.kz 27-02-2025 33

Шымкент биыл да Наурыз мейрамын 10 күн тойлайды. 14 наурыздан 22 наурызға дейін күнбе-күн ұйымдастырылатын шараларды, мәдниет басқармасы әлеуметтік желіде жариялап отырады екен.

Screenshot_8.jpg

Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев наурызды тойлауға қала бюджетінен 151 миллион теңге бөлінгенін айтты. Ал, жыл бойына жоспарланған барлық мәдени іс-шараларға 1,2 миллиард теңге қарастырылған екен. 

Мәдениет басқармасының басшысы наурыз мерекесінің негізгі күндері Астана алаңы мен «Шымқала» этноауылында өтетінін, сонымен қатар әр аудан орталығында өтетін салтанатты концерттердің де бар екенін айтты. Бұл туралы ол:

«Наурыз — халық мерекесі. Сондықтан, Астана алаңынан басқа, біз бес түрлі жерде: Қажымұқан атындағы стадионда, Наурыз алаңында, әл-Фараби алаңында, Сайрам ауданындағы Наурыз саябағында және Жеңіс саябағында іс-шаралар ұйымдастырамыз. Сонымен қатар, барлық елді мекендерде Наурыз мерекесі тойланады», - деді Бауыржан Орынтаев.

Бауыржан Орынбасарұлы Наурыз тойының бір іс-шарасы «Шымқала» этноауылында да өтетінін айтып қалды. Осы тұста көкейде сауал туады. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әкім болып келе салысымен «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніне барып, күрделі жөндеуден өткізу туралы тапсырма берген болатын. Алайда, аталған жөндеу жұмыстары әлі жүргізіліп бола қойған жоқ. Басқарма басшысы да мұны растады:

«Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы келген уақыттан бастап тапсырма бергді. Тіпті, бізде хаттамалық тапсырма да бар ол жөнінде. Енді бір нәрсені түсінуіміз керек. Осы уақытқа дейін біздегі «Шымқала» тарихи-мәдени кешені мен «этноауылдың» құжаты бір болған. Яғни археологиялық негізде этноауылдың жері солай қалыптасқан. Сол себепті біз қазір құжаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Нақтырақ, «Шымқала» тарихи-мәдени кешені мен «этноауылдың» жерін екіге бөліп, жердің нысаналы пайдалану мақсатын өзгертіп жатырмыз. Себебі біздің бұл этноауылды кәсіпкерлерге беру үшін немесе басқа да бюджетк ұсыну үшін алдымен құжат керек. Қазіргі таңда сол этноауылда істеу үшін арнайы спонсор табылды, жөндеу жұмыстары да басталады. Біздің жоспарымыз бойынша, мүмкіндігінше осы наурыздың бір іс-шарасын сонда өткізуді жоспарлап отырмыз. Алайда, іс-шара өткен соң, нысан әрі қарай жөндеу жұмыстарын жалғастыратын болады. Тағы айта кетейін, жөндеу жұмыстары бюджеттің емес демеушінің қаржысы арқылы жүргізіледі», - деді Б.Орынтаев.

Наурыздан бөлек биыл театр саласында «Shanin fest» республикалық фестивалі, Республикамыздағы үздік оркестр ұжымдарының қатысуымен «Оркестр шеруі» өткізілетінін айтты. Ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды насихаттауға бағытталған «Бабалар аманаты», «Қошқар ата сейілі» іс шараларымен қатар, халықаралық ағаш қолөнер шеберлерінің фестивалі мен халықаралық суретшілер симпозиумы өткізілетді екен.

Басқарма басышсының сөзіне сенсек, биыл елімізде алғаш рет Шымкент қалалық опера және балет театрының сахнасында ағылшын драматургы Уильям Шекспирдің трагедиясы негізінде жазылған француз композиторы Шарль Гуноның «Ромео мен Джульетта» операсы сахналанатын болады.

Келесте мүгедекті 6 еркек зорлаған
Бахадыр Нарымбетов есеп берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу