Келесте мүгедекті 6 еркек зорлаған

Oinet.kz 06-03-2025 102

 1200xauto_VlHyTIwEtJAOshk54FWGnMSDnrE1A8XlSKqXD4HE.jpg

Түркістан облысы Келес ауданында 24 жастағы мүгедек жігітті 6 еркек зорлап келген, деп хабарлады turkystan.kz.
Жантүршігерлік жайт Келес ауданында болған.
Анасының сөзінше онда, 24 жастағы мүгедек жігітті 6 еркек зорлап келген. Ең сорақысы солардың ішінде жігіттің туысқандары да бар екен.

«Қайнымның үш баласы, бір үйдің үш баласы бұл жерде. Кезек-кезегімен істеп келген. Одан кейін өзінен 10 жас кішкентай бала да зорлаған. Өзінен үлкені де кішісі де болған», - дейді анасы

Оқиға 14 жыл бойы қайталанып келген. Жылдар бойы көрген қорлығын жарымжан жан анасына айтып беріпті.

«Қиналған, қанағаннан кейін барып қана шындығын айтып отыр. Маған он сегінші ақпан күні шыдамай жанына батқасын айтып берген. Мен содан бері отырмын, соттың әділ болатынын болмайтынын білмеймін», - дейді ашынған ана.

Жарымжан баласы үшін әділдік іздеген ана бүгінде өзі де қыспаққа алынғанын жасырмады. Оның сөзінше, ауыл тұрғындары оған арызын қайта алуды сұраған екен.

 


Нұралхан Көшеров: Соңғы 3 орында тұрған әкімдер мен басқарма басшыларының жауапкершілігі қаралады
Наурызды тойлауға 151 миллион теңге бөлінген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу