Скляр Сыздықбековтің жұмысына қандай баға берді?

Oinet.kz 19-02-2025 111

Былтыр Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 12%-ға, құрылыс көлемі 27%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 42%-ға артты. Тартылған инвестиция көлемі 9%-ға ұлғайып, 78,2 млрд теңгені құрайтын ірі 12 жоба іске асырылды, мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 

Screenshot_2.jpg

Сонымен қатар қаланың индустриялық аймақтарында жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 293 жоба іске асырылды. Бұл қолайлы инвестициялық ахуалды құру және қайта өңдеу өнеркәсібінде ауқымды жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Шымкентке жасаған жұмыс сапарында осындай мәліметтер айтылды. Дәлірегі деректі Үкіметтің ресми сайты таратты.

Шымкентте былтыр теміржол вокзалы қайта жаңартылды. Оның ауданы екі есеге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6000 жолаушыға дейін өсті. Жобаға инвестиция 1,1 млрд теңгені құраған.

Сапар барысында Роман Скляр «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты. Ірі инвестициялық жоба аймақты жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге және 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Инвестициялардың жалпы көлемі $650 млн, ал жоспарланған өндірістік қуаты жылына 155 мың тонна өнімді құрайды.

Абаттандыру мәселесі, атап айтқанда, «Шымсити» саябағының құрылысы және 2 мың орындық «Tulіp Hall» конгресс-холлының ашылуы мәселелері қаралды.

Жұмыс сапарының тағы бір пункті – Шымкент әуежайының жаңа терминалы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың желтоқсанында ашылды. Жобаны іске асыруға SCAT 24 миллиард теңге инвестициялаған.

«Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр аталған жобаларды іске асыру қарқынын жоғары бағалап, олардың Шымкент пен жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар қалалық ортаны жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді»,–делінген Үкіметтің таратқан мәліметінде.

Бұл Роман Скляр Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбековтің жұмысына жақсы деген баға берді деген сөз. Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Сыздықбековтің бастамаларына қолдау білдірген болатын.

Енді Ақорданың да, Үкіметтің де оң бағасын алған Сыздықбековтің қызметі өсіп кетсе таңғалмаңыз.

Бахадыр Нарымбетов төрағалықты тапсырды
Нұралхан Көшеров алғашқы кадрлық тағайындауын жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу