Вице-премьердің рейтингісі - Премьерден жоғары

Oinet.kz 07-02-2025 271

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы әдеттегіше саяси элитаның рейтингісін жария етті. Өткен жылдың төртінші тоқсанындағы рейтингі 21 сарапшыдан сұрау салу арқылы жасалған. Олар биліктегі әр органның, оның бірінші басшысының жұмысына 7 балдық жүйе бойынша баға беріп шыққан.  

Screenshot_1.jpg

Төртінші тоқсандағы рейтингтің көшін әдеттегіше Мәжіліс, оның төрағасы Ерлан Қошанов бастады.  Айта кетері, сарапшылар әрбір тұлғаға үш парамтер (жұмыс тиімділігі, ақпараттық ашықтығы, басқарушылық беделі) бойынша баға берген.  Осы үш параметр бойынша Қошановқа берілген жалпы балл-4,58-ді құраған. Сарапшылардың айтуынша, Қошановтың ең басты артықшылығы ол өзін іскер, білікті басшы ретінде мойындатып қойған. Соңғы кездері Қошанов білікті басқарушыдан салмағы ауыр ойыншыға айналып келеді. Ол Мәжілісті тең ұстап, оның жұмысында туындаған кез-келген дау-дамайды реттей алады. Бір сөзбен айтқанда Қошанов елде Президенттен кейінгі екінші адам дәрежесіне жетіп отыр.

Рейтингте екінші орында Ерлан Қарин иеленген. Ол өткен тоқсанмен салыстырғанда бір сатыға жоғарылап отыр. Сарапшылардың пікірінше, соңғы кездері Қариннің танымалдылығы күрт артқан. Конституция бойынша елдегі екінші адам саналатын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев үшінші орыннан көрінді. Өткен жоғы рейтингпен салыстырғанда Әшімбаевтың орны бір сатыға төмендегенімен, сарапшылар Сенаттың жұмысына жоғары баға берген. 

Вице-премьер Қанат Бозымбаев төртінші орынға табан тіреді. Сарапшылардың берген бағасына қарағанда Қанат Бозымбаев қазір үкіметте ең тиімді жұмыс істейтін шенеунік көрінеді. Ол әсіресе, биыл көктемде болған су тасқыны кезінде және жуырда Ақтауда апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағына қатысты оқиғада қаттырақ байқалыпты.  Бұл Бозымбаевқа берілген шынайы баға ма әлде тым асыра мақтау ма? Сіз қалай ойлайсыз?  

Үздік бестікті сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу түйіндеді.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов алтыншы орынан табылды (қызық болғанда Премьердің рейтингісі оның орынбасары Бозымбаевтан да төмен болып тұр). Бектенов ақпараттық ашықтығы жағына жоғары балл алғанымен, жұмысының тиімділігі жағынына төмен бағаланыпты. Жалпы Олжас Бектеновтың жұмысына келгенде сарапшылардың пікірі екіге жарылған. Бір жақ оның жұмысы мардымсыз десе, екінші тарап экономикада әжептәуір өсімнің барын алға тартқан.

Жетінші орынды мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева иеленді. Сарапшылардың ойынша, Аида Балаева да әкімшілік басқарушыдан саяси фигураға айналып келеді.

Рейтингте вице-премьер Тамара Дүйсенова тоғызыншы орынды, оныншы орынды келесі вице-премьер Серік Жұманғарин иеленді. Ал бірінші вице-премьер Роман Скляр 14-орыннан көрінді.

Рейтингтегі ең соңғы 50-орында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігінің төрағасы Жандос Шаймарданов тұр.

"Ұлттық Құрама әкеңнің төрі емес". Бақыт Сәрсекбаев жаңа қызметке кірісті
Қарапайым Қошанов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу