Президентке қастандық жасамақ болған кім?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркістан облысына іс сапармен барған болатын. Президенттің жүру бағытын тексерген құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасырылған қару-жарақ тапқан.
«Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр»,- делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.