Шымкентте бас маман аса ірі көлемде алаяқтық жасаған

Oinet.kz 30-09-2024 172

 images.jpg

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарып жүріп, бірнеше жәбірленушіні алдап соққан алаяққа қатысты үкім шықты. Бұл туралы Шымкент қаласының соты хабарлады.
Сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К.-ға, алаңы 20,0800 га жер учаскесін оның атына жекешелендіріп беру, әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс жасау, одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерді арзан бағаға алып беру үшін, алдап аса ірі мөлшерде жалпы 113 000 000 теңгені алаяқтық жолымен жымқырған.  Қалған 14 көрініс бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушілерден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасап, жалпы 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген. Сотталушының кінәсі өз жауаптарымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, алу хаттамаларымен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді. Прокурор сотталушы А.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер сотталушыға заңға сай, қатаң жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы А. тағылған айыпты ішінара мойындап, ҚК-нің 74-бабының негіздерін қолдануды сұрады.
Сот, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасөспірім балаларының болуын таныды, іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталмады.
Сотпен, сотталушы кінәсін ішінара мойындағаны, шын ниетпен өкінбегені, 14 жәбірленушілердің аса ірі мөлшердегі талаптары жалпы 179 000 000 теңгеден асатын залал соммасы өндірілмегені және жәбірленушілердің кешірім бермегені, заңмен көзделеген бас бостандығынан айыру, қатаң жаза тағайындау пікірлері ескерілді.
Сот, А.-ға ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен 6 (алты) жыл 8 (сегіз) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Талап арыздар қанағаттандырылды.
А.-нің жасөспірім балаларына қамқоршы мен қорғаншы тағайындау мәселесін шешу, соттың қосымша шығарылған қаулысымен, тұрғылықты мекенжайы бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жұмысын дамыту бөліміне жүктелу тапсырылған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Президентке қастандық жасамақ болған кім?
«Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу