Референдум 6 қазанда өтеді

Oinet.kz 02-09-2024 357

photo_444273.png 

Атом электр стансасын салуға қатысты референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы Президент халыққа арнаған Жолдауында атап өтті.

«Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

 


5 млн мал құжат жүзінде ғана болған—Президент
Сыздықбековке «сатқындық» жасаған кім? - Жиналыс үстінде ұсталаған шенеунікке үкім шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу