Шымкенттің әкімі көшпелі кездесу өткізді

Oinet.kz 09-08-2024 251

1.jpg 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар жолдарды асфальттау, кеңейту, көше атауын беру, қоғамдық көліктердің жетіспеушілігі, жер қатынастары, балалар алаңдарын салу және бейнебақылау камераларын орнату секілді өзекті мәселелерді көтерді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкім және сала басшылары барлық сұрақтарға жауап беріп, шұғыл шешуді қажет ететін мәселелерді бірден қолға алды. Сонымен қатар, Ғабит Сыздықбеков Юсуф Сареми көшесіндегі жол құрылысымен танысып, мердігерлерге сапаны сақтай отырып, жұмыстарды уақытында аяқтауды тапсырды. Сайрам тұрғын алабының ішкі көшелерінің жағдайын тексеріп, орталық көшелерді асфальттеу және жергілікті көшелерді келесі жылға арналған жоспарға қосуды жүктеді.

Әкім Таскен шағынауданының тұрғындарының көшелерді абаттандыру, жарықтандыру, кәріз жүйесін жүргізу және қоғамдық көлік бағыттарын ұзарту туралы өтініштерін де назарға алды. Кездесу соңында жауаптыларға азаматтармен кері байланысты күшейту және мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сондай-ақ,  Әл-Фараби және Еңбекші аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Кездесуде тұрғындар аулаларды абаттандыру, қоқыстарды жинау, жер учаскелерін заңдастыру, кәріз жүйелерін жүргізу және көшелерді, саябақтарды жарықтандыру мәселелерін қозғады.

Сонымен қатар, жасыл желектерді суару, жүйелерінің жағдайын жақсарту, жол жөндеу, саябақтар мен гүлзарларда пандустар орнату туралы өтініштер айтылды.

Елтай және Тоғыс тұрғын алаптарының тұрғындары жаңа мектеп пен мәдениет үйін, сондай-ақ спорт кешенін салу қажеттілігін атап өтті. Қала әкімі бұл өтініштерді ескеріп, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қарастыруды тапсырды.

Елтай тұрғын алабындағы азаматтар жаяу жүргіншілер өткелін салу, бейнебақылау камераларын орнату және балабақша қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелерін де көтерді. Ал Айнатас шағын ауданының тұрғындары жаңа мектеп салу және қоғамдық көлік қозғалысын реттеу туралы өтініштерін жеткізді.

Қала әкімі барлық ұсыныстар мен өтініштерді назарға ала отырып, өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.


Жолдықараевтың отставкісі... Немесе Олимпиададағы сәтсіздіктен соң спорт саласына батыл өзгеріс кер
Путин қазақтардан көмек сұрай ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу