Дос Көшім: Тоқаевтың тыйымы демократия ережесіне қайшы келеді

Oinet.kz 22-02-2024 324

 2edfb52488229307d82516194ea9c17c4f1370a5.jpg 

Белгілі саясаткер Дос Көшім oinet.kz порталына берген сұхбатында  Үкіметтің отставкіге кетуіне қатысты пікір білдірді.

-Президент негізгі, шешуші тетігі бар орындарға өз адамдарын орналастырып жатыр. Бұл – кез келген президенттің ең бірінші кезекте іске асыратын жұмысы. Меніңше, «Үкімет отставкаға кетті», «Атқарушы билік ауысты» деген сөздер Қазақстанның болмысына сай келмейді. Үкімет ауысқан жоқ, жаңа Премьер министр тағайындалды. Атқарушы билікке бұрын осы үкіметті быт-шыт қылып сынап, өздерінің көзқарастарын ұсынып, жаңа бағытта жұмыс істейміз деген саяси топтың өкілдері келген жоқ, бұрынғы шенеуініктер сол орындарында қалды да, Премьердің орнына жаңа адам ғана келді.  Екіншіден, үкімет «ойда жоқта» кеткен жоқ, алдын ала олардың қашан, қандай жолдармен кететіні анықталып, уақыты белгіленіп қойылды. Әрине, бұның бәрі президенттің кабинетінде, жаймашуақ кезеңде, асықпай отырып ойластырылады,-деді Дос Көшім.

Сонымене бірге саясаткер «Бектенов келешекте президент болуы мүмкін бе?» деген сауалға былай дейді:

-Келешек президенттің кім болатынын болжауды көріпкелдерге қалдырайық. Дегенмен «сол үміткерлердің бірі» болып қалуы әбден мүмкін. Бектеновтың Премьердің орындығында не істегені, қалай істегені маңызды емес, бәрі Президенттің беретін бағасына байланысты екенін  естен шығармайық.

Сасаткердің ойынша, кешегі «Нұр Отан», бүгінгі «Аманат» қолдан жасалған құрылым.

 -«Нұр Отан-Аманатты» ешқашан саяси партия деп есептеген емеспін. Бұл – билікті алған топтың (бұрынғы коммунистік партияның сенімді сарбаздарының) өз билігін «демократиялық декорация» арқылы, соның ішінде көппартиялық жүйе арқылы сақтап қалуы үшін қолдан жасақталған құрылымы. Егер ертең Тоқаев мырза «Жаңа Қазақстан» деген партия құратын болса, «Нұр Отан-Аманат» партиясы үш айдың ішінде келмеске кететіні анық.  Екіншіден, Тоқаевтың әкімдерге (және өзіне де) партия басшылығында болуға тиым салғаны – демократия ережесіне толық қайшы келеді. Әр адамның саяси партияға мүше болуына құқығы бар. Үшіншіден, саяси партияға мүше болмай-ақ («көрдіңіздер ме, мен ол партияның мүшесі емеспін!») сол партияның жұмысын, бағытын қолдауға болады. Ал «Нұр Отан-Аманаттың» кімді ұсынатыны Президенттің кабинетінде алдын-ала шешіліп қойылған мәселе. Ал оны Парламенттегі көп дауыс алған партияның «ұсынуы» - қарапайым «демократия ойыны»,-дейді Дос Көшім.  

 


Дархан Сатыбалды: «Жоспарсыз әзірленген жобалар көп»
Баласын аяусыз тепкілеген азамат қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу