Қазақстан әлемдегі ең жемқор елдердің тізімінде

Oinet.kz 01-08-2019 1065

Screenshot_15.jpg

Елбасы Н.Назарбаев Астанада бас қосқан «ассамблеялықтардың» жиынында «шенеунік» деген сөздің ұнамайтынын айтты. Расында да жағымсыздау атау. Олардың мына тірліктері де Елбасына ғана емес елге жағымсыз болып тұр.

Жылдың басталғанына енді 4 ай өтті. Ал, қазақстандық шенеуніктер осы уақытта ел бюджетіне 3,6 млрд. теңге шығын келтіріпті. Олар үшін аз көрінер, дегенмен қарапайым халық жақтырмай қарайтындай-ақ жағдай. Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының департамент басшысы Есқали Саламатовтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеу тізіміне 1097 іс тіркелген, олардың 87 пайызы жемқорлық бабына қатысты қылмыстар. Заңсыздықтардың көбісі, яғни 38 пайызы пара алу ретінде орын алыпты. Сондай-ақ, қызметін асыра пайдалану (4 пайыз) және жалған құжат әзірлеу (12 пайыз) сынды құқық бұзушылық түрлері де аз емес. «Жемқорлық қылмысы бойынша ел қазынасына барлығы 3,6 млрд. теңге шығын келген. Олардың 2 миллиард теңгесі кері қайтарылды. Сонымен қатар, шығынның орнын жабу үшін жауапты тұлғалардың 2,4 млрд.  теңгеге бағаланған мүліктеріне бұғат қойылды", -  деді Е.Саламатов журналистермен болған кездесу барысында. 

Е.Саламатовтың айтуынша, Қазақстан әлемдегі ең жемқор елдердің тізімінен әлі де болса шыға алар емес. Transparensy рейтингі бойынша биыл еліміз 123-орынды иеленсе, былтыр 126-сатыда болған. 

Мұрағаттан, 2016

Бейбіт Атамқұлов: «Әйелдердің арасында облысты басқаратындары да бар»
Қазақстан Тони Блэрге қанша ақша төледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу