Түркістанға ерекше мәртебе беріледі
«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы жарияланды.
Құжатты Ұлттық экономика министрлігі әзірледі және 23 тамызға дейін талқылауға ұсынды. Құжатқа сәйкес Түркістан Қазақстан Республикасының рухани және тарихи орталығы ерекше мәртебесіне ие Түркістан облысының әкімшілік орталығы болып табылады.
Заң жобасының мақсаттары: Түркістан қаласының Қазақстанның рухани және тарихи астанасы ретінде жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;
Түркістан қаласының қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар мен тетіктер жасау; Мәдени және діни мұраны қолдау, қасиетті орындар мен көрікті жерлерді сақтау және қорғау; Түркістан қаласын дамыту бөлігінде орталық және
жергілікті атқарушы органдар арасындағы үйлестіру мен өзара іс-қимылды жақсарту.
Заң жобасында Түркістан қаласын мемлекеттің рухани және тарихи астанасы ретінде дамыту саясатының негізгі бағыттарын белгілеу кезінде билік қалай әрекет ететіні, олар қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау бойынша не істеу керектігі айқындалады. Бұдан басқа, заң Түркістан қаласын дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын және бүкіл мемлекет пен облыс көлемінде іске асырылатын жобаларды реттейтін болады.
Мәселен, заң жобасы Түркістан қаласының мемлекеттің рухани және тарихи астанасы ретінде қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар мен тетіктер жасауға байланысты қатынастарды реттейді.
Ұлттық экономика орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функцияларды нақты бөлу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс жоспарлауын ретке келтіру, қаланы дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсетудің заңнамалық базасын нығайту есебінен қаланы дамытудың бірыңғай саясатын әзірленеді дейді.